2014 жылдың 22 желтоқсанында «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-ның барлық кәсіпорындарында Қазақстан Республикасы Энергетигі күнінің құрметіне орай, салтанатты шаралар өтті. Саланың үздік қызметкерлері компанияның Бас директоры Леонид Ларичев пен Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Владимир Бубенконың құттықтаулары мен сый-сияпаттарын иеленді.
«Біздің аймақта энергетика саласы жылдан жылға дамып келеді. Бір ғана Петропавл 2-ЖЭО жабдықтарын жаңғыртуға 8 млрд теңге жұмсалды. Турбина мен қазандық агрегаттар, электр беру желілері мен жылу желілері ауыстырылып, энергия тұтынушылармен жұмыс жүргізу жеңілдетілуде. Мұның барлығы біздің энергетиктердің кйсіби біліктілігінің жоғары екенін көрсетеді», – деп атап өтті өзінің құттықтау сөзінде Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Владимир Бубенко.
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі