Қорғалжын ауданы «Сабынды» 110/35/10 кВ қосалқы станциясында (ҚС) жүктемедегі кернеудің қалыпты күйге келтірілуі жүргізілмегендіктен, орнатылған күш трансформаторларының екеуінің біреуін ауыстыру бойынша жұмыстар аяқталды.
Барлық жұмыс Ақмола ААЭЖ және Қорғалжын АЭЖ қосалқы станция тобы мамандарымен атқарылды. Трансформатордың орнын ауыстыру осы мақсатта 2015 жылы алынған құрылғы арқылы жүзеге асырылды. Ол 4 домкраттан, екі итергіштен және сорғы станциясынан тұрады. Оның пайдаланылуы қиын емес және құралдарды едәуір үнемдеуге мүмкіндік береді. Шпалдарға рельс төсеп, домкраттардың көмегімен 39 тонна мөлшеріндегі күш трансформаторы автотралға орнын ауыстырды. Демонтажы жасалған ТМТ-6300/110 кВА орнына Есіл ААЭЖ «Ейская» 110/35/10 кВ ҚС-дан көшірілген ТРДН-10 000 кВА трансформаторы орналастырылды.
Еске саламыз, «Сабынды» 110/35/10 кВҚС – транзиттік қосалқы станция, ол Қорғалжын ауданы мен «Нуринский групповой водопровод»мемлекеттік кәсіпорын сынды ірі әрі жауапты тұтынушыларды қуатпен қамтушы бөлік.
«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі