«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ Павлодар 3-ЖЭО-нда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні қарсаңында кең ауқымды қайта жаңартудан кейін №4 турбоагрегат іске қосылды. Қайта жаңарту нәтижесінде жылу электр орталығының белгіленген электр қуаты 540 МВт-қа дейін артты.
Павлодар 3-ЖЭО-сында 2009-2015 жылдар аралығында мемлекеттік шекті тарифтер бағдарламасының қолданылу кезеңі ішінде төрт турбина пайдалануға енгізілді: 2011 жыл мен 2014 жылы бір-бір турбинадан, сондай-ақ 2015 жылдың маусымы мен қараша айында тағы екі турбина іске қосылды. «Бір жылдың ішінде екі турбоагрегатты құрастыру және іске қосу – бұл бүгінгі күнгі қазақстандық энергетика үшін бірегей оқиға. Бұл 2009 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметі қабылдаған шекті тарифтер бағдарламасының тиімділігін растау болып табылады. Компанияның инвестициялық бағдарламасымен келесі жылы №6 турбоагрегатты модернизациялау көзделген. Шекті тарифтер бағдарламасын қолданудың нәтижесінде барлығы Павлодар 3-ЖЭО турбина цехының жаңартылған жабдығының үлесі 90% құрайды», – деп атап өтті «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ Бас директоры Олег Перфилов.
№4 турбинаны қайта жаңартудың жобалық құны 6,4 млрд теңгені құрады. Сутекті генераторды ауамен салқындайтын заманауи генераторға ауыстырудың арқасында жабдықтың қауіпсіз жұмысы артты. №4 турбина «Уральский турбинный завод» Екатеринбург кәсіпорнында, генератор – «ЭЛСИБ» ҒЗБ ААҚ-нда (Новосібір қ.) жасалып шығарылды. Қайта жаңарту турбина цехының негізігі жабдығының парктік ресурсын ондаған жылдарға ұзартуға мүмкіншілік береді.
2015 жылы ҚР Энергетика министрлігі мен «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ арасындағы инвестициялық келісім бойынша шекті тарифтердің есебінен инвестициялық іс-шаралардың жалпы құны 9,6 миллиардтан астам теңгені құрады. Қаражат компанияның жылу электр орталықтарында жаңа объектілерді салуға; негізгі және қосалқы жабдықты жаңғыртуға және қайта құруға; станциялар жабдығының парктік ресурсын қалпына келтіруге; Павлодар 2-ЖЭО, 3-ЖЭО және Екібастұз ЖЭО экологиялық көрсеткіштерін жақсартуға бағытталды.