2018 жыл қорытындысы бойынша «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ 2-ЖЭО-нда электр энергия өндірісі 3 млрд 211 млн кВтс құраса, жылу энергиясының станция коллекторларынан босатылымы 1 млн 893 Гкал, электр энергиясының шиналардан босатылымы 2 млрд 841 млн кВтс болды. Бұл көрсеткіштерге жылу-электр орталығының қолданыстағы активтерін жаңарту, қолдау, қайта құру және техникалық қайта жарақтандыру нәтижесінде қол жеткізілді.
2018 жылы станцияда бірнеше ірі инвестициялық жобалар өз мәресіне жетті. Олар – ОРУ-110 кВ жаңғырту, №7 турбоагрегаттың сенімді жұмысын қамтамасыз ететін 7АТ автотрансформаторларын ауыстыру, жылу қуатын беру схемасын қайта құру.
Сондай-ақ, М-1 «Город» магистралінің диаметрі 1200 мм желілік құбыр өткізгіштері эстакадасын төсеу аяқталды. Тұрғын үй қорының өсу және өңірдің даму қарқынын ескере отырып, бұл шара тұтынушыларды сапалы жылу қуатымен қамтамасыз етеді деп айтуға болады.
Станцияда жылу бері жұмысының сенімділігін арттыру мақсатында №13 ленталық конвейері қайта құрылып, металл құрастырылымдар, ролик және ролик тіректері толықтай ауыстырылды. Бұл шараның мақсаты – жылу беру жабдықтарының физикалық тозуын төмендету және қысымның жоғарғы шегінде қажетті көлемде үздіксіз отын беруді қамтамасыз ету болып табылады.
2018 жылғы маңызды шаралардың бірі - №2 күл үйіндісінің №3 секциясының қоршау бөгеттерін өсіру болып табылады. Әзірленген жобаға сәйкес, бұл жұмыс екі кезеңмен 2018-2019 жылдары жүзеге асырылады. Жобаны жүзеге асыру күл үйіндісін пайдалану мерзімін арттырып, күл-қож қалдықтарын алдағы 7 жыл қоймалауды қамтамасыз етеді.