Петропавл теміржол көлігі колледжінде энергетиктердің кәсіптік мамандықтарға оқитын студенттермен кездесуі өтті. «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ мамандары болашақ түлектерге компания кәсіпорындарына жұмысқа тұрудың артықшылықтары жайлы әңгімеледі, сонымен қатар жас қызметкерлердің жұмыс күндері жайлы фильм көрсетті.
Бүгінгі таңда Петропавлда кәсіптік энергетикалық мамандарды дайындайтын үш жоғарғы оқу орны бар — М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университет, Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледж және Петропавл теміржол көлігі колледжі. Үшеуімен де энергетиктерде тығыз және достық қарым-қатынас орнады, себебі көптеген жас мамандар «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-ға дәл осы оқу орындарынан келеді.
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-да жұмыс істеу — мәртебе. 2016 жылдан бері компанияда PROFENERGY жас мамандарды қолдайтын арнайы әзірленген бағдарлама жүзеге асады, соның арқасында студенттер энергетикалық кешеннің кәсіпорындарында ақысы төленетін өндірістік тәжірибеден өте алады, жазғы демалыс кезеңінде уақытша жұмысқа тұра алады, ғылыми жұмыстар байқауына қатыса алады, жеңімпаздар компания атынан шәкіртақыға ие болады. Сондықтан «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ есігі жұмыс істегісі келетін және үлкен жетістіктерге жеткісі келетіндер үшін әрқашан ашық!», — деді қызметкерлермен жұмыс бойынша бас маманы Елена Пальянова.
Бұдан өзге, компанияда жетекшілік ету институты жұмыс істейді, ол жаңадан келген энергетиктерге тәжірибелі әріптестердің арасында тез бейімделуге және өнеркәсіптік жағдайларда қызмет етудің барлық егжей-тегжейін меңгеруге көмектеседі. Сонымен қатар компанияға жұмысқа тұру жас қызметкерлерге біліктілігін арттыруға, Қазақстан және Ресей ЖОО-ларында жоғары білім алуға, мансабын өсіруге мүмкіндік береді. Шығармашыл жастарға өз дарынын көрсетуге де мүмкіндік бар. Бұл үшін «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-да көптеген спорттық және мәдени-бұқаралық шаралар ұйымдастырылып отырады.