5 маусымда дүние жүзінде Қоршаған ортаны қорғау күні атап өтіледі, бұл күн, сонымен қатар, Эколог күні. Бұл мерекенің «ОАЭК» АҚ үшін маңызы зор, себебі Корпорация қызметі халықаралық сапа стандарттары, қауіпсіздік және экологиялық менеджмент талаптарына сай іске асады.
«ОАЭК» АҚ-да электр және жылу энергиясын өндіру кезінде опертивтік қызметтегі шешім қабылдауда қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендету басты заңдылық болып табылады. Өндрістік қызмет процесінде Корпорацияның еншілес ұйымдары қоршаған ортаға әсер етеді: атмосфералық ауа, сыртқы су көздері және жер ресурстары. Экожүйенің компоненттеріне жылу электр станциялары көбірек ықпал етеді. Сондықтан барлық жүзеге асатын станцияның құрылысы мен қайта құруы бойынша жобалық құжаттарда қоршаған ортаны қорғау сұрақтарына арналған арнайы бөлім жасақталады. Жаңа технологияларды енгізгенде олардың қоршаған ортаға әсері деңгейі және энергетикалық және табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігі есептеледі.
Жыл сайын «ОАЭК» АҚ еншілес ұйымдарында енгізілген біріктірілген менеджмент жүйесі (ISO 9001, ISO 14001 жәнеOHSAS18001) TÜV Rheinland Inter Cert сертификация бойынша органмен расталып отырады. 2009 жылдан бері инвестициялық бағдарлама аясында экологиялық және әлеуметтік қызмет жоспарлары жүзеге асады.