«Каска ки!» ұраны аясында «ОАЭК» АҚ тобына қарасты компаниялар арасында қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтау мақсатында челлендж өтуде. Бұл эстафетаны Павлодар 3-ЖЭО және 2-ЖЭО-ның талантты жас мамандары қабылдап алды.
Музыкалық бейнероликтің кейіпкерлері – жас энергетиктер. Олар рэп тәсілімен ән айту арқылы еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік талаптарын сақтаудың маңызы туралы баяндайды.