Павлодар қаласының «Колос» мәдениет орталығында тұрғылықты емес ұлт жастарының арасында дәстүрлі жыл сайынғы «Абай оқулары» байқауы өтті.
Алғашқы іріктеу сынына Павлодардың 25 мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарының қызметкерлері қатысты. Екінші турда қалған 14 қатысушының арасынан «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ның Павлодар 3-ЖЭО инженер-метрологы Анастасия Буженко оқ бойы оза шапты.
Байқау дәстүрлі төрт номинациядан тұрды: Абай өлеңдерін қазақ тілінде жатқа мәнерлеп айту; Абай өлеңіне жазылған әндерді қазақ тілінде орындау; Абайдың «Қара сөздерінен» үзіндіні мәнерлеп оқу; орыс тіліне аударылған Абай өлеңдерін жатқа айту.
Қазылар алқасы өлеңдердің қазақ тілінің орфоэпиясы заңдарына сәйкес орындалуын, әртістігін және қатысушылардың сахналық шеберлігін бағалады. «Абай оқуларына» қатысқаны үшін және «Өлеңдер мен әндерді қазақ тілінде үздік орындағаны» үшін («Желсіз түнде жарық ай» және «Ғылым таппай мақтанба») Анастасия Буженко кубок пен марапаттау қағазын алды. Анастасияны жеңісімен құттықтаймыз және биік белестерді бағындыра беруін тілейміз!