«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ кәсіби мереке қарсаңында кәсіпорынның үздік қызметкерлерін корпоративті марапаттармен құттықтады.
Биылғы кәсіби мереке қарсаңында компанияда жаңа құжат – Құрмет кітабы пайда болды. Оған жыл сайын энергетика саласына, компанияға үлкен еңбек сіңірген лайықты қызметкерлердің есімдері енгізіліп отыратын болады. Ең алғашқы болып бұл кітаптан энергетика саласында 41 жыл қызмет еткен Алексей Иванович Поляковтың есімі орын алды. 41 жылдың 39 жылын Алексей Павлодар 3-ЖЭО-нда өткізген. Ол мұнда кезекші слесарь қызметінен турбиналық цех басшысына дейін өсіп, цехті 1996 жылдың мамыр айынан басқарып келеді. Поляков бірнеше мәрте Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталған. 2013 жылы – ТМД Электроэнергетикалық кеңесінің құрмет грамотасын иеленді.
Мереке күні компанияның бас директоры Олег Перфилов кәсіпорынның құрмет грамотасын – 3-ЖЭО мехнаикалық цехінің бастығының орынбасары Владимир Абрамовқа, 2-ЖЭО отын-транспорттық цехінің бастығы Светлана Михееваға, Екібастұз қазан-турбиналық цехінің қазан машинисі Лидия Филипповаға, өндірістік-техникалық басқарма бастығы Владимир Диановқа тапсырды. Олег Владимирұлы әріптестерін кәсібилігі, тәжірибесі мен өзінің сүйікті ісіне деген адалдығы үшін шын жүректен алғыс айтты.
«Кәсіпорынның үздік қызметкері» атағы бұл жылы 3-ЖЭО-н жөндеу бойынша электр цехі бастығының орынбасары Вячеслав Рыковқа, 2-ЖЭО турбиналық цехінің ауысым бастығы Андрей Козловецке, Екібастұз ЖЭО турбиналық цехінің ауысым бастығы Николай Головачқа және қайта құру мен жаңғырту басқармасы бастығының орынбасары Геннадий Морарьға берілді.