Еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен мемлекеттік наградалармен марапаттау рәсімі өтті.
Елдің экономикалық-әлеуметтік және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен әріптестікті нығайтуға қосқан үлесі және қоғамдық белсенді еңбегі үшін мәдениет, ғылым, білім, денсаулық сақтау салаларының қайраткерлері, өндіріс саласы, бизнес өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әскерилер, спортшылар, соғыс және тыл еңбек ардагерлерің марапатталды. ІІІ дәрежелі «Барыс» Орденімен марапатталушылар арасында «Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы Александр Яковлевич Клебанов бар. Аталған Орден ерекше үлесі, оның ішінде мемлекеттік, өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық қызмет үшін беріледі.