«Орталық – Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» Компаниялар тобының ұжымы елдегі қаңтар айындағы қайғылы оқиғалар барысында қаза тапқан азаматтардың және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасыларына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады.
Осы орны толмас және ауыр жоғалтудың қайғысымен шын жүректен бөлісеміз және осы қиын сәтте берік рух, батылдық пен төзімділік тілейміз. Зардап шеккендерге тезірек сауығып кетуді тілейміз.