«Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ-ның (бұдан әрі – «ОАЭК» АҚ) Директорлар кеңесінің отырысында Орал Бағдат Еркебұланұлы «ОАЭК» АҚ-ның жаңа Басқармасының Төрағасы болып сайланды. Бұдан бұрын осы лауазымда қызмет атқарған Кан Сергей Владимирович «ОАЭК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде компанияның стратегиялық басқаруға қатысуды жалғастырады.

Бағдат Орал тағайындалғанға дейін «ОАЭК» АҚ-ның Басқарма Төрағасының Энергия өткізу және тарифтік саясат жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. Бағдат Еркебұланұлы Алматы энергетика және байланыс университетін бітірді, сондай-ақ «Болашақ» халықаралық  стипендиясы шеңберінде Albert Ludwigs University of Freiburg (Фрайбург, Германия) «Жаңартылатын энергия көздерін басқару» бағыты бойынша магистратурасын бітірген.

Бағдат Орал өзінің еңбек жолын қатардағы инженерден бастап жоғары буын басшысына дейінгі қызмет жолынан өтті. 2010 жылдан 2012 жылға дейін Фраунгофер Күн энергетикалық жүйелері ғылыми-зерттеу институтында (Фрайбург, Германия) ғылыми ассистент ретінде жұмыс істеген.

Әр жылдары келесі лауазымдарды атқарды:

  • 2012 - 2014 жж. - «Samruk-Green Energy» ЖШС Жобалау менеджері/Перспективалық даму басқармасының бастығы;
  • 2014 - 2018 жж. - «ЦАТЭК Green Energy» ЖШС директоры.

2018 жылдан бастап Бағдат Орал «ОАЭК» АҚ Басқарма Төрағасының Энергия өткізу және тарифтік саясат жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.

«ОАЭК» АҚ-ның Директорлар кеңесі Бағдат Орал Басқарма Төрағасы қызметіне тағайындау туралы бірауыздан шешім қабылданды.

Айта кету керек, Сергей Канның басшылығымен Корпорация бірқатар жетістіктерге қол жеткізген. Олардың ішінде «ЦАТЭК Green Energy» ЖШС акцияларының бақылау үлесін сатып алуы, өндірістік көрсеткіштердің артуы, өндірістік қуаттарды жаңғырту және өңірлерде бірқатар әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асырылуы.

Қосымша ақпарат:

«Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» акционерлік қоғамы - вертикалды түрде біріктірілген компания болып табылады. «ОАЭК» АҚ-ның Қазақстанның аймағындағы еншілес компанияларының қатарына қуатпен қамсыздандырудың барлық буындарын — генерациялауды, тасымалдауды және өткізуді қамтитын «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ және «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ жатады. Компания Нұр-Сұлтан қаласында өткізуші құрылым — «АСТАНАЭНЕРГОСБЫТ» ЖШС, Ақмола облысында «АЭҮК» АҚ бақылайды. 

«ОАЭК» АҚ-ның Қоғаммен байланыс департаменті
Тел.: +7 (727) 264 57 77
pr@energy.kz