«Ақмола ЭТК» АҚ 2015 жылғы инвестициялық бағдарлама шеңберінде жобаларды жүзеге асыруды жалғастыруда. Нақтылап айтқанда, Ақмола облысының Шортанды ауданына қарасты 110/10кВ «Елизаветинка» шағын станциясының (ШС) құрылысы аяқталуға жақын.
«Елизаветинка» ШС Астана маңындағы Бозайғыр қыстағын электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Өткен ғасырдың 60-жылдарынан бастап қолданыстағы шағын станциясының өткізу қуаты 2500 кВА-дан аспайды және өзінің барлық техникалық мүмкіндігін станция әлдеқашан сарыққан. Жаңа заманауи шағын станциясы пайдалануға беру – желіге қосылған көптеген тұтынушыларды электр энергиясымен қамтиды.