Петропавл қаласы құрылыс алаңдарына жасаған жұмыс сапары барысында Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Ерік Сұлтанов «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ болашақ жатақханасында болды.
Құрылыс нысаны Жабаев, 223 мекен-жайы бойынша орналасқан. Бұрын бұл көпқабатты ғимарат бірнеше жыл ішінде бір меншік иесінен екіншісіне өтіп жүрсе, оны «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ компаниясы сатып алғаннан кейін, мұнда қайта құру жұмыстары басталған болатын. Облыс басшысы Ерік Сұлтанов компанияның бұл ғимаратты «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ кәсіпорындар тобы қызметкерлеріне арналған шағын отбасылы жатақханаға айналдыру жоспарымен танысты. Дәстүрлі түрде 22 желтоқсанда атап өтілетін кәсіби мереке – Энергетик күніне орай, көптеген отбасы осында қоныс тойын тойлайды деп күтілуде.