«Павлодар ЭТК» АҚ негізгі бағыт бойынша екі әуе электр жеткізу желілерін қайта қалпына келтіріп жатыр. Жұмыстар Павлодар ЭТК-ның инвестициялық бағдарламасы аясында атқарылып жатыр және 2017 жылы аяқталуы тиіс.
«Ермак — Строительная — Қалқаман» № 38 желісі сонау 1962 жылы қолданысқа берілген. Ағаштан жасалған тіректің тозуына байланысты параллель жаңа желі тұрғызуға шешім қабылданды. Ол заманауи полимерлік оқшаулағышпен және АС 70 маркалы сыммен жабдықталған және металл траверстен тұратын темірбетон тіректен тұрғызылды.
«Отпайка южная — № 1 сорғы станциясы» ЖЖ 110 кВ № 117 1967 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ескі ағаш тіректер жаңа, темірбетон тіректерге алмастырылады.
Әуе желілерін қайта қалпына келтіру – электрэнергия тасымалдау кезіндегі нормативтік шығынды азайтуды және тұтынушыларға энергияны үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етеді.