Бүгінгі таңда Қазақстанның астанасы – өзіндік ерекше тарихы мен қайталанбас келбеті бар ең жас және серпінді дамып келе жатқан қалалардың бірі. Нұр-Сұлтан еліміздің жаңғыруы мен жаңаруының нышанына айналды. Қаламызға әлемдік аренада табыс пен өркендеу, ал оның тұрғындарына амандық пен молшылық тілейміз!