25 қыркүйекте «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен бірлесіп ақпараттық тур өткізді, оның барысында «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бас директоры БАҚ, қоғам өкілдерін және депутаттарды инвестициялық бағдарлама жобасы мен тарифтік сметаның орындалуы туралы хабардар етті.
«Өндірістік процестердің тиімділігін арттыру үшін «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-да жылу энергиясын өндіру бойынша бекітілген тарифтік смета аясында инвестициялық бағдарлама іске асырылуда. Бағдарлама генерацияны ұлғайтуға және кәсіпорын қызметінің экологиялық параметрлерін жақсартуға бағытталған, жабдықтарды жаңғырту бойынша бірқатар ауқымды шараларды қарастырады. 2024 жылға арналған бекітілген инвестиция көлемі- 2 млрд 859 млн. теңгені құрайды»,-деп, Анатолий Казановский айтты.
Бұл қаражат келесі іс-шараларды орындауға бағытталды:
- ст.№2 қазандық агрегатын қайта жаңарту;
- 2024 жылдың мамыр айында аяқталған, ст.№9 қазандық агрегатының күрделі жөндеуі;
-ст.№1 турбоагрегатын қайта жаңарту.
Іс-шаралар Компанияның өз қаражаты есебінен орындалады.
2023 жылы мердігер ст.№2 қазандық агрегатын қайта жаңарту бойынша жұмысты бастады. Қазандық пешінің жақтауын, қызмет көрсету алаңдарын, аспалы жүйесі бар пештің үстінен төбені, экрандарды орнату орындалды. Ағымдағы жылда жаңа бу қазандығы орнатылуда. Қайта жаңарту 2,7 %-ға қазандық агрегатының ТЭК ұлғайтуға және 40 жыл ішінде оны пайдалануды қамтамасыз етуге,73 %-ға қазандық агрегаты жабдығының тозуын төмендетуге, күл жинау қондырғыларын орнату есебінен атмосфераға күл шығарындыларын азайтуға мүмкіндік береді. Жұмысты аяқтау және объектіні пайдалануға енгізу 2027 жылға жоспарланды.
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ инвестициялық бағдарламаны орындау Петропавл 2- ЖЭО негізгі және қосалқы жабдығын сенімді пайдалануын, техника- экономикалық көрсеткіштерін, сондай-ақ өндірілетін өнімнің көлемі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
«Инвестициялық бағдарламаны орындаумен қатар, стансада жаңа жылу маусымына дайындық жұмыстары аяқталуға жақын. 27 тамызда ст.№3 турбоагрегаттың күрделі жөндеуі аяқталды. Бұрын стансада № 3, 4, 5, 6, 7, 8, 10, 11, 12 қазандық агрегаттарының және № 2, 4, 5 турбоагрегаттардың ағымдағы жөндеуі орындалды.
20 маусымнан бастап 2 шілде бойынша «ПРОМЭкспертКZ» ЖШС мамандандырылған ұйым № 2 түтін құбырына техникалық тексеріс жүргізді. Оның нәтижесі бойынша құбырды одан әрі пайдалануға жаңа техникалық тексеріс жүргізілетін, 2025 жылдың тамызына дейін рұқсат етілді», –деп, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бас директоры Анатолий Казановский баяндады.
Қазіргі уақытта стансада ст.№1 қазандық агрегатын және ст.№6 турбоагрегатын күрделі жөндеу жалғасуда. ст.№7 турбоагрегаттың ағымдағы жөндеуі 71%-ға орындалды және жалғасатын болады.
Петропавл 2- ЖЭО қызметінің негізгі түрі - электр және жылу энергиясын біріктіріп өндіру болып табылады. Станса 1961 жылы пайдалануға берілді. Белгіленген электр қуаты – 541 МВт, жылу қуаты – 713 Гкал/сағ.