Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күні қарсаңында «Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ Өскемен ЖЭО-на («Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС) қауіпсіздік және еңбекті қорғау, экологиялық қауіпсіздік, сондай-ақ, өндірістік қызметті тиімді жүзеге асыру салаларында кәсіби тәжірие алмасу мақсатында сапар жасады.
«ОАЭК» АҚ делегациясының құрамына Өндірістік-техникалық департаментінің, Қауіпсіздік, еңбекті қорғау және экология департаментінің қызметкерлерімен қатар, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Петропавл 2-ЖЭО-ның өкілі де енді.
Мұндай шаралар өндірістік қызметті жетілдіріп, елдің жылу және электр энергетикасы салаларының дамуына зор септігін тигізеді.