2022 жылғы 13-15 қыркүйек аралығында «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ кәсіпорындарында және оның еншілес ұйымдарында (бұдан әрі – ЕҰ) «Павлодар Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ («Павлодар ЭТК» АҚ), «Павлодар жылу желілері» ЖШС («ПЖЖ» ЖШС) және «Павлодарэнергосбыт» ЖШС он бірінші өзара қауіпсіздік, еңбекті қорғау және экология, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі бойынша аудит жүргізілді.
Аудит басқарма төрағасының компания өндірісі жөніндегі орынбасары бұрын бекіткен өзара аудит кестесіне сәйкес жүргізілді.
2016 жылы басталған өзара аудиттерді өткізу бойынша жұмыс өзінің тиімділігін дәлелдеді. Бағыттар бойынша мамандар таңдалған алаңда кездеседі, танысады, ағымдағы мәселелерді талқылайды, бір-бірінен тәжірибе алады, жақсарту шешімдерін ұсынады.
Осы іс-шараны өткізу, бұрынғыдай, келесі мақсаттарды көздейді:
- Қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, еңбекті қорғау және қауіпсіздікті тиімді басқару (бұдан әрі – ҚжЕҚ), қоршаған ортаны қорғау (бұдан әрі – ҚОҚ), өнеркәсіптік қауіпсіздік (бұдан әрі – ӨҚ), ҚжЕҚ, ҚОҚ, ӨҚ, техникалық және жедел құжаттама бойынша құжаттаманы жүргізу бойынша АҚТЖ, ҚжЕҚ, ҚОҚ, ӨҚ, АҚТЖ корпоративтік рәсімдерІ, регламенттер мен стандарттарын енгізу бойынша озық жұмыс тәжірибесімен алмасу;
- Энергетикалық және технологиялық жабдықтарды пайдалану кезінде жарақаттану жағдайларының, сондай-ақ оқыс оқиғаларды алдын алу;
- Энергетикалық және технологиялық жабдықтарды пайдалану жұмыстарды ұйымдастыруда, ҚжЕҚ, ҚОҚ, ӨҚ, АҚТЖ бойынша оң жақтарды/тәжірибені анықтау.
Өзара аудитті жүргізуге ҚжЕҚ, ҚОҚ, өндірістік бақылау, «ОАЭК» АҚ ЕҰ АҚТЖ басқармалары мен қызметтерінің басшылары қатысты.
Әр кәсіпорынға барған мезетте қысқаша таныстырылымы ұсынылды, қонақтармен кіріспе нұсқаулық өткізіліп, жұмыс тәртібі талқыланды.
Аудит барысында келесі объектілер :
- 3-ЖЭО жаңа түтін құбырының құрылысы және негізгі цехтары;
- Шарбақты АЭЖ және «Павлодар ЭТК» АҚ инвестициялық бағдарламасы бойынша орындалған қалалық объектілер;
- «ПЖЖ» ЖШС желілік аудандары мен жұмыс өндірісі орындары;
- «Павлодарэнергосбыт» ЖШС абоненттік учаскелері.
Кәсіпорындарда жұмыс істеу кезінде аудиторлар тобының әрбір мүшесі оң сәттерді атап өтті, кемшіліктер де анықталды және құжаттаманы жүргізуде, корпоративтік рәсімдерді, регламенттер мен стандарттарды енгізуде ұсыныстар берілді.
Аудит аяқталғаннан кейін қорытынды жиналыс өткізілді, онда жұмыс нәтижелері шығарылды. Атқарылған жұмыс қорытындысы алға қойылған мақсаттардың орындалғанын дәлелдеді, келесі аудитті «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-да және оның ЕҰ-да 2023 жылдың мамыр айына дейін өткізу жоспарлануда.