2018 жылдың 14 наурызында «Астана - адалдық алаңы» атты жобалық офистің көшпелі кеңес шеңберінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Төрағасы А.Шпекбаев және Астана қаласының әкімі А.Исекешев «Астанаэнергосбыт» ЖШС-нің орталық офисіне келді.
Өткізу компаниясы сервис деңгейін тұрақты арттыру саясатын жүргізеді. Өткен жылдың қараша айында Компания сервис-орталықтарды ребрендингтеуді бастады. Қазіргі уақытта жеті офистің үшеуі жаңартылды: № 1 сервис-орталық (Абай даңғ.,45-үй), №4 сервис-орталық (Бөгенбай батыр даңғ., 24/1-үй) және орталық офис (Б.Момышұлы даңғ.,4/1-үй).
Жаңартылған орталық офисте қонақтарға тұтынушылармен жұмыстарды жақсартуға бағытталған өзгерістер көрсетілді: мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қызметкерлерді шақыру батырмасы және пандус орнатылды, бағдарлауды жеңілдету үшін сервис-орталықтың кіре-берісінде орналасқан жанасу плиткасы, ресепшен үстелшесіндегі пиктограмма, электронды кезек қарастырылды және айтарлықтай күту аймағы кеңейтілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ведомствосының басшысы А.Шпекбаев пен Астана қаласының әкімі Ә.Исекешев сапар барысында компания жұмысымен танысты және «Астанаэнергосбыт» ЖШС-нің басқа да офистерінде сервистік қызмет көрсетуді жақсартуды талқылады.