Осындай атаумен компаниялар тобы қызметкерлерінің балалары арасында шығармашылық байқауы онлайн форматта өтті.
Ұйымдастырушылар - "ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ-ның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау басқармасы.
"ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ қызметкерлерінің балалары арасында Анастасия Иванкованың жұмысы үздік деп танылды. Екінші орында - Богдан мен Арина Смирновтар, ал үшінші орынды Соня Медвединская алды. Жеңімпаздар "Антошка"балалар ойыншықтары дүкенінің сертификаттарына ие болды.
"Павлодар ЭТК" АҚ қызметкерлерінің балаларының 30-дан астам жұмыстардың ішінен Мария Шарубина, Юлия Кулигина, Екатерина және Вячеслав Волошаниндердің бейнероликтері үздік атанды. Жеңімпаздарға портативті аудио колонкалар мен 3D қаламдар берілді. Бірақ сыйлықтарсыз ешкім қалмады: әр қатысушы ынталандыру сыйлығына ие болды.