2015 жылғы 30 қазанда Қазақстан энергетика секторындағы ірі жеке компания – «Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ-ның («ОАЭК» АҚ) Мәліметтерді Өңдеу Орталығы ашылды.
МӨО жұмысының сенімділігі – оған заманауи технологиялар: виртуалды серверлер мен мәліметтерді бұлтты сақтау қоймаларының енгізілуімен қамтамасыз етілген. МӨО серверлерінде EAM-шешім (EnterpiseAssetManagement) болып табылатын Ellipse бағдарламасы орнатылған. Ақпараттық жүйе кәсіпорынның сатып алуларды жоспарлаудан бастап Топтың барлық өндірістік активтеріне техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді автоматты жоспарлауға дейінгі негізгі қорларын басқаруға негізделген. Мұндай мүмкіндікке ие және мұндай ауқымдағы Ellipse автоматтандырылған жүйесі Қазақстанда бірінші рет енгізіліп отыр.
«ОАЭК» А компаниялар тобының МӨО Павлодарда «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 50-жылдық мерейтойына арналған мерекелік шаралар аясында ашылды.
Бұл күні, сондай-ақ, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ апаттық жағдайларды бастапқы кезеңдерінде анықтайтын Павлодар облысының энергожүйесін басқару жаңа Орталық диспетчерлік пунктін іске қосты.
Процестерді автоматтандыру – халықаралық стандарттарға сәйкес «ОАЭК» АҚ компаниялар тобын дамыту стратегиясының бөлігі болып табылады.