Электр және жылу жүктемесін жеткізу кестесін Павлодар 3-ЖЭО тұрақты орындап жатыр. Желтоқсан мен қаңтар айларында 405 МВт-тан жеткізу жоспары сәйкесінше 410 және 417 МВт бойынша орындалды. Үздіксіз жұмыс станция құрылғыларының жоспарлы жөнделуінің арқасында мүмкін болды. Павлодар 2-ЖЭО мен Екібастұз ЖЭО-да да жылыту маусымы осылай сәтті өтіп жатыр.
«Қысқа сенімді түрде, бес қазандық тәртіпте кірдік, — дейді Павлодар 3-ЖЭО бас инженерінің орынбасары Сергей Богомолов. — Павлодар қаласының тұтынушылары мен Солтүстік өнеркәсіп белдеуі кәсіпорындарын жылумен қамту белгіленген кестесі ескертулерсіз орындалып жатыр. Ереже бойынша талап етілетін көмір мен мазут қоры қамтамасыз етілген, көмір составтарын тұрақты жеткізіп тұру мен түсіру реттелген. Бұл қажетті де, ауыр жұмыс – себебі күн сайын 3-ЖЭО қазандықтарының мұндай жүктемеде жұмысы үшін 9000 тонна көмір қажет, ал бұл екі көмір теміржол составы. Сонымен қатар 5000 тонна көлемінде мазут жеткізіп тұруы үшін «PEТROSUN» ЖШС-мен келісімге отырғанбыз.
Станцияның бас инженері Андрей Зенковтың айтуынша, Павлодар 2-ЖЭО-де де биыл жылыту маусымы сәтті жүріп жатыр: «Біз «Павлодар жылу желісі» қойып берген температуралық режимді қадағалаймыз, 100 МВт тәртібінде электр жүктемесін әкелеміз. Биыл қар қалың, бірақ біз станция аумағын әрдайым өз уақытында тазалап отырамыз. Қардың қалыңдығы станция жұмысына тікелей әсер етпейді».
Сыртқы ауа температурасы −37°С болғанда есептік жылу жүктеме — 380,5 Гкал/с, ал мөлшерленген шығын мен меншікті қажеттіліктерді ескерсек — 493 Гкал/с. Қазірде 4 қазан (БКЗ № 5, 6 және КВТК-100-150 № 12, 15) жұмыс істеп тұр, ал бес қазанагрегат — резервте.
Жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстары аясында 16 қаңтардан бастап №8 қазанда жұмыстар жүргізіліп жатыр, ол 30 сәуірге дейін жалғасады деп жоспарлануда. Бұл инвестициялық жобаға бұл жылы 155 437 мың теңге бөлінді.
Бұдан өзге, «САЭМ-ПАВЛОДАР» ЖШС мердігер күл үйіндісінің екінші кезекті құрылысының жұмысына кірісті (360570 мың теңге).
Жеткізушімен келісім бойынша ақпан айында 71 000 тонна көмір жеткізіледі, ал негізінде 65 000 тонна шығып жоспарланған.
Станцияда 2017 жылғы су тасқынының алдын алу бойынша жоспар жасалған.
Күл үйіндісінің жұмысын қамтамасыз ететін жабдықтар тиісті деңгейде жұмыс істеп тұр.