2016 жылғы 5 мамырда Астана қаласы мен Ақмола облысының сегіз оқу орнының өкілдері «Жас мамандарды қолдау» бағдарламасы аясында «Ақмола электр желілік үлестіру компаниясы» АҚ-мен әлеуметтік әріптестік жөнінде келісім-шарт жасасты. Бұл әріптестік дуальды білім беру принциптеріне негізделген және ЖОО-нда білім алуды өндірістегі тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік береді.