3 млрд 386 млн 200 мың теңге – 2020 жылы "Павлодар ЭТК" АҚ инвестициялық бағдарламасын орындауға жоспарланған жалпы сома. Жобаларды іске асыруы желілер мен жабдықтардың тозуын 57,8%-ға дейін төмендетуге және электр энергиясының жаңа тұтынушыларын қосуға мүмкіндік береді. Бұл туралы энергетиктер Павлодар облысы бойынша ТМРКД және өңірлік БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз-туры барысында айтты.