2 тамыз күні Павлодарда «Павлодар ЭТК» АҚ нысандарына баспасөз туры өтті. Мемлекеттік органдар өкілдері мен журналистер 35 кВ және одан жоғары желілерді өңірдің энергиямен қамтуын арттыру мақсатымен салу, қайта құру, жаңғырту және техникалық қайта жарақтандыруды қамтитын инвестициялық бағдарлама барысымен танысты.
Баспасөз турына қатысушылар «Промышленная» шағын станциясының құрылыс нысандарында, қайта құрылған №225 трансформатор шағын станциясында, «3-ЖЭО - Промышленная» қайта құру нысандарында болып, жалаңаш өткізгішті өздігінен берілетін оқшауланған өткізгішке ауыстыру жұмыстарымен танысты.
«Павлодар ЭТК инвестициялық бағдарламасы біздің тұтынушыларды энергиямен қамту сенімділігін арттыруға бағытталған, - деп атап өтті «ПЭТК» АҚ бас директоры Федор Бодрухин. – Біз қазақстандық энергетиктер ішінде алғашқылардың бірі болып америкалық технология – композитті өткізгішті қолдануды бастадық. Бұл өткізгіш қолданыстағы қарапайым өткізгішке қарағанда екі есе жоғары қуатты өткізе алады. Композитті өткізгіштің салмағы жеңіл, өзі мықты, температуралық тұрақтылығы да жоғары».