«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ Павлодар 3-ЖЭО-нда Павлодар облысы әкімі Қанат Бозымбаевтың қатысуымен № 5 турбоагрегатты салтанатты түрде пайдалануға беру рәсімі өтті.
Турбоагрегатты жаңғырту жұмысы 7 айға созылған болатын. №5 ст. маркасы Т-120/130-130ПР2 турбоагрегатында роторлар мен жоғары және орташа қысымдағы цилиндрлер ауыстырылып, қуаты 110-нан 130 МВт-қа дейін ұлғайтылды. Ауамен салқындатылатын генераторды «ЭЛСИБ» ҒӨБ» ААҚ компаниясы жасаған (Новосібір қ., РФ) роторлар және цилиндрлер «Уральский турбинный завод» ЖАҚ тарапынан өндірілген (Екатеринбург қ., РФ). 2013 жылдан бастап бесінші энергоблокты қайта жаңартудың жалпы құны 5 млрд теңгені құрады, оның ішінде 2014 жылы осы мақсаттарға 2,5 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды. Бұл – 2013 жылдан бері Павлодар 3-ЖЭО-нда іске асырылған ең ірі инвестициялық іс-шаралардың бірі болып табылады.
«Бесінші турбинаны іске қосу – бұл біздің кәсіпорында өндіруші станцияларды жаңғыртудың және инвестициялар көлемін ұлғайтудың айқын дәлелі. Біз өңірдің энергетикалық инфрақұрылымын әрі қарай дамытуды жалғастырамыз, бұл – Мемлекет басшысының біздің, энергетиктердің алдына қойған негізгі міндеттердің бірін орындау болып табылады», – деп атап өтті «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ бас директоры Олег Перфилов.
2014 жылы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ арасында жасалған инвестициялық келісімге сәйкес, компанияның жылу электр орталықтарында шекті тарифтердің есебінен іске асырылған инвестициялық іс-шаралардың жалпы құны 8,5 млрд теңгеден астам. Қаражат негізгі және қосалқы жабдықтың жаңа құрылысына, жаңғыртылуына және қайта жаңартуға, сондай-ақ станциялар жабдығының парктік ресурсын қалыпқа келтіруге және Павлодар 3-ЖЭО, 2-ЖЭО және Екібастұз ЖЭО-ның табиғат қорғау қызметіне жұмсалды. Бұның барлығы ҚР Үкіметінің 2009 жылы белгілеген, электр энергиясына шекті тарифтер саясатын іс жүзіне асырудың нәтижесі болып табылады.
Шекті тарифтер саясаты осы 2015 жылы аяқталатынын айта кету керек. Әрі қарай даму мақсатында «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ акционер болып табылатын «Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ-ның корпоративтік стратегиясының аясында өзінің инвестициялық жобаларын іске асыруға қарыз қаражатты, шетелдік инвестицияларды, сондай-ақ акционерлердің меншікті капиталын белсенді тартатын болады. Атап айтқанда, электр энергиясына шекті тарифтің және Еуропа Қайта құру және Даму банкінің қарыз беруі есебінен 2015 және 2016 жылдарда «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ның инвестициялық бағдарламасын іске асыру аясында Павлодар 3-ЖЭО-нда №2 ст. жаңа турбоагрегаты орнатылатын болады, сондай-ақ №4 ст. мен №6 ст. тағы екі турбина жаңғыртылатын болады.