Қазан айында «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ кәсіпорындарында еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігінің өзара аудиті өтті.
Компанияда еңбек ету барынша қауіпсіз болу үшін, жарақаттанудың алдын алу мен өндірістік жағдайларды жақсарту үшін барынша мүмкіндік жасалып жатыр. Өзара аудит – еңбек қауіпсіздігін орнату, еңбек қауіпсіздігі және қорғауды тиімді басқару, құжаттарды жүргізу, корпоративтік процедуралар, регламенттер мен стандарттарды енгізу бойынша ұйымдастырылып отырған шара. Аудит «ОАЭК» АҚ-ның өндірістік-техникалық департаментінің (ӨТД) бастауымен және компания басшылығымен бекітілген еңбек қауіпсіздігі және қорғау Регламентінің аясында өтті.
Өзара аудит жарақаттардың, сонымен қатар энергетикалық және технологиялық құралдарды тасымалдау кезінде келеңсіз оқиғалардың алдын алуға бағытталған.
Өзара аудит – бұл компания үшін жұмыс істеудің жаңа түрі, сондықтан бірінші рет ұйымдастырылып отырған жиынды жоғары кәсіби деңгейде өткізу маңызды болды. Және бұл іске асты.
Еңбек қауіпсіздігі мен қорғаудың бірінші өзара аудитінің өтуіне «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ, «АРЭК» АҚ және «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ның еңбек қауіпсіздігі мен қорғау бөлімдерінің жетекшілері қатысты.
Аудит алдындағы ұйымдастырушылық жиынында «ОАЭК» АҚ ӨТД-нің экология, еңбек қауіпсіздігі мен қорғау басқармасының басшысы Руслан Зинатулин, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ еңбек қауіпсіздігі мен қорғау басшысының міндетін атқарушы Максим Скрипник сөз сөйледі. Олар бұл шараның маңыздылығын атап өтті және аудитті қабылдайтын өнеркәсіптерге түрлі мәселелерге басқаша қарауға мүмкіндік беретіні айтты. Және, бұл, әрине, тәжірибе алмасуға тамаша мүмкіндік.
Аудит барысында қатысушылар Павлодар ЖЭО-3-те, Екібастұз ЖЭО-да, «ПРЭК»-те, «Павлодар жылу жүйесі» ЖШС-де, «Павлодарэнергосбыт» ЖШС-да болды. Аудиторлар тобының әр мүшесі тарапынан өндірістердің жағымды тұстары айтылып, кемшіліктері мен еңбек қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтар берілді.
«Өзара аудитті қорытындылай келе, біз тексерілген бөлімшелер бойынша маңызды сұрақтарды талқылап қана қоймай, компаниямыздың еңбек қауіпсіздігі және қорғау қызметінің жұмысын сараладық», - деді «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ның еңбек қауіпсіздігі және қорғау бөлімі басшысының міндетін атқарушы Максим Скрипник. «Қызметкерлеріміздің еңбек жағдайларын жақсарту, еңбек қауіпсіздігі және қорғау бойынша жаңалықтарды ендіру, ескертулерді пысықтау – мұның бәрі жұмысымыз үшін маңызды. Қонақтар біздің кейбір жаңашылдығымызды қаперіне алды, мәселелерді қалай шешуге болатыны жайлы ойларымен бөлісті. Мұндай шаралар қателіктермен жұмыс үшін және еңбек қауіпсіздігі және қорғау қызметінің жұмысын дамыту үшін маңызды деп есептеймін».
Келесі өзара аудитті «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-да 2017 жылдың сәуірінде өткізу жоспарланып отыр.