Еліміздегі ең қуатты жылу-электр орталықтарының бірі – Петропавл 2-ЖЭО 2025 жылы тұтынушыларға 1,8 млн Гкал жылу энергиясын және бу түрінде 8,2 мың Гкал энергия жіберді. Кәсіпорын жұмысының алдын ала қорытындылары туралы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің өңірлік департаменті ұйымдастырған тұтынушыларды қоғамдық қабылдау кезінде Петропавл 2-ЖЭО директоры Дмитрий Захаров мәлімдеді. Кәсіпорын басшылығы ауқымды инвестициялық бағдарламаны іске асыруға және негізгі өндірістік көрсеткіштерге ерекше көңіл бөлуде.
«Өндіріске жұмсалған нақты шығындар тарифте қарастырылған көлемнен 26,2%-ға артық болады деп күтілуде, — деді Дмитрий Захаров. — Өзіндік құнның өсуіне негізінен сыртқы нарықтық факторлар: шикізат, материалдар, жанар-жағармай материалдарының айтарлықтай қымбаттауы, сондай-ақ логистика, соның ішінде көмірді теміржолмен тасымалдау шығындарының артуы себеп болды».
2025 жылы жылу энергиясын өндіру тарифтері келесідей болды:
- - 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап: 5 500 теңге/Гкал.
- - 2025 жылғы 16 наурыздан бастап: 6 310 теңге/Гкал.
Бу түріндегі жылу энергиясын өндіру, беру және жабдықтау тарифі (3 697 теңге/Гкал) 2022 жылдың ақпан айынан бастап өзгеріссіз қалып отыр.
2025 жыл Петропавл 2-ЖЭО инфрақұрылымын белсенді жаңғырту кезеңі болды. Инвестициялық бағдарлама аясында стратегиялық маңызды жобалар іске асырылды:
- - ст. №2 қазандық агрегатын қайта жаңарту жұмыстарын жалғастыру;
- - жылу қуатын беру схемасын модернизациялау;
- - №6 бойлер қондырғысының екі негізгі бойлерін ауыстыру;
- - ст. №1 турбоагрегатын қайта жаңартуды аяқтау.
Станцияда сенімділік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған жөндеу іс-шараларының кешені сәтті жүргізілді:
- - Негізгі жабдықтарды күрделі жөндеу: ст. № 3, 6, 11 қазандық агрегаттары және ст. № 2, 7 турбоагрегаттары;
- - Ағымдағы жөндеу: алты қазандық агрегаты, төрт турбоагрегат және негізгі цехтардың жабдықтары;
- - Техникалық қызмет көрсету және диагностика: жабдықтарды куәландыру, түтін мұржалары мен құбыржолдарын тексеру, гидротехникалық құрылыстарды тазарту, автоматика жүйелері мен жүк көтергіш механизмдерге сервис көрсету.
«Инвестициялық және жөндеу бағдарламаларының барлық іске асырылып жатқан және аяқталған жобаларының ортақ мақсаты бар — ол станцияның сенімділігі мен тиімділігін арттыру. Бұл техникалық-экономикалық көрсеткіштерді жақсартудың және сайып келгенде — тұтынушыларымызды кепілдірілген жоғары сапалы жылумен қамтамасыз етудің тікелей жолы», — деп түйіндеді Дмитрий Захаров.
