2016 жылдың қорытындысы бойынша «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-ға кіретін Петропавл 2-ЖЭО қомақты өндірістік нәтижелерге қол жеткізді: станцияның электр қуаты 541 МВт-ға жетті, жылу қуаты — 713 Гкал/сағ. Электрэнергияны өндіру 3 млрд 207 млн кВт∙сағ-ты, станция коллекторларынан жіберілетін жылу энергиясы 1 млн 904 мың Гкал-ға, шиналардан жіберілетін электр энергиясы — 2 млрд 835 млн кВт∙сағ-қа ұлғайды.
2015 жылмен салыстырғанда станцияның қуаттылығы 62 МВт-ға (немесе 11,5%-ға) өсті, өндірілген электрэнергия көлемі — 398 млн кВт•сағ-қа (немесе 12,4%-ға), жылуэнергиясын жіберу өсімі — 43 мың Гкал-ға (немесе 2,3%-ға), станцияның шинасынан электрэнергиясын жіберу — 365 млн. кВт•сағ-қа (немесе 12,9%-ға) ұлғайды.
Өткен жылы станцияда үш қазанагрегат пен бір турбоагрегат толықтай жөнделді, сонымен қатар сегіз қазанагрегат пен бес турбоагрегаттың жөндеу жұмыстары аяқталды. 2016 жылы инвестициялық бағдарламаның аясында екі ірі жоба іске асты – толықтай ауыстырылған №5 турбоагрегат және №12 қазанагрегат өңдеуден кейін қолданысқа берілді. Қуаттылығы 95 МВт жаңа турбоагрегат жылына 700 млн кВт•сағ-тан көп өндіруге мүмкіндік береді, ал қайта өңделген бу қуаттылығы сағатына 270 тонна қазанагрегат 2016 жылмен салыстырғанда электрэнергиясын 363 млн кВт•сағ-қа қосымша өндіруге мүмкіндік береді. Бұған қоса турбиналардың пайдалы әрекетінің жалпы көрсеткіші 39,7%-ды құрайды, қазандардың — 90,8%.
Жылу электр орталығындағы құрылғыларды ауқымды қайта жөндеу жеті жыл бойы жүргізіліп келеді. Осы уақыт аралығында үш турбоагрегат пен бір қазанагрегат ауыстырылды, сонымен қатар тағы үш қазанагрегат өңделді. 2-ЖЭО-дегі қайта қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесінде станция құрылғыларының тозуы 2009 жылғы 89,24%-дан 2016 жылы 59,74%-ға төмендеді.
Петропавл 2-ЖЭО-ның 2017 жылғы жоспарында 3 млрд 570 млн кВт•сағ электрэнергия өндіру. Станция коллекторларынан жылу энергиясын жіберу — 1 млн 780 мың Гкал-ға, шиналардан электрэнергиясын жіберу — 3 млрд 121 млн кВт•сағ-қа жетеді деп күтілуде. Биыл станцияда үш қазанагрегат пен бір турбоагрегатты толықтай жөндеуден өткізу және сегіз қазанагрегат пен төрт турбоагрегаттың ағымдағы жөндеу жұмыстарын жалғастыру жоспарланып отыр. Инвестициялық бағдарлама бойынша 2017 жылы жылу электр орталығында №2 турбоагрегатта АСУ ТП қондыру, жылыту құрылғыларын монтаждауы бар вагонаударғышты қайта қалпына келтіру және ОРУ-110кВ жаңарту бойынша жұмыстарды аяқтау жоспарлануда.