22 желтоқсан 2016 жылы Энергетик күніне және «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-ның Петропавлдық 2-ЖЭО-ның 55 жылдық мерейтойын атап өтуге арналған салтанатты шара өтті. Шарада энергетика саласының 58 қызметкері марапаттарға ие болып, құрметті атақтарға лайықталды.
Петропавлдық 2-ЖЭО өндірістік қуатын жылдан жылға көбейте келе 55 жыл бойы Солтүстік Қазақстан облысын (СҚО) электр- және жылу энергеиясымен қамтамасыз етіп келеді. Мерейтойлық жылда екі ірі жобаның жұмысы аяқталды: станцияның буөнімділігін сағатына 50 тоннаға және белгіленген қуатты 62 МВт-тан 541 МВт-қа дейін ұлғайтуға мүмкіндік беретін №12-ші қазанагрегат қайта қалпына келтірілді және №5 турбоагрегат тұрғызылды.
2016 жылдың қазанында «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-да компания үшін елеулі оқиға орын алды: «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасының аясында Павлодар, Екібастұз, Петропавл қалаларын жылумен қамту жүйесін қайта қалпына келтіру бойынша Еуропа Қайта құру және Даму Банкі (ЕҚДБ), Қазақстан Республикасының Ұлттық Экономика Министрлігі мен «Орта-Азиялық Электро-энергетикалық Корпорациясы» АҚ («ОАЭК» АҚ) арасында жобаларды іске асыру жайлы үшжақты келісімге қол қойылды. Осы бағдарлама бойынша Петропавлды жылумен қамту жүйесінің дамуына 12,01 млрд теңге жұмсалады. Бұл бағытта жұмыс басталып кеткенін атап өтуіміз керек: бағдарламаның қаржысына биыл №2 және №5 жылужелілерін алдын ала оқшауланған құбыр желісін пайдалана отырып қайта қалпына келтіру жүргізілді.
Петропавлдың энергетиктері кәсіби мерекені жылды қорытындылаумен, үздік қызметкерлерді және өндіріс ардагерлерін марапаттаумен қарсы алды. Марапаттар, атақтар мен басқа да марапаттау грамоталарын СҚО әкімінен, ТМД Электроэнергетика Кеңесінен, Қазақстандық Электроэнергетика Қауымдастығынан «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-ның 58 қызметкері алды.
Энергетиктерді атаулы датамен Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов, «Орта-Азиялық Электроэнергетикалық Корпорация» АҚ-ның Президенті Еркін Әмірханов және «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-ның бас директоры Леонид Ларичев құттықтады. «Петропавл 2-ЖЭО өңірдің энергетикалық орталығы. 2009-2015 жылдар аралығында жылуэлектрорталығының іргетасы қаланған мезеттен бері қайта құру жобаларына қомақты қаражат жұмсалғанын атап өту керек. «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ энергетиктері жоғары өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізді: 2007 жылмен салыстырғанда станцияның белгіленген қуат мөлшері 161 МВт-қа өсіп, 541 МВт-ты өқрады, ал электрэнергиясын өндіру 1,4 млрд кВт.ч-ға өсті және қазірде 3,2 млрд кВт.ч-ны құрайды», - деді Ларичев мырза өз сөзінде.
Петропавл 2-ЖЭО-ны кеңейту мен қайта құру концепциясына сәйкес 2020 жылға дейін ЖЭО турбина цехының жабдығы 71,4%-ға, қазан цехы – 50%-ға жаңартылады.
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ қызметкерлердің дамуы мен жағдайын қолдауға бағытталған әлеуметтік саясатқа үлкен назар аударады. Биыл мемлекеттік-жеке серіктестік аясында «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ шағын отбасыларға арналған жатақхананы қайта қалпына келтіру жобасы іске асты. Ғимараттың жалпы ауданы 4329 м2-ды құрайды. Жатақханада 90 пәтер, олардың 80-і – бір бөлмелі, 10-ы – екі бөлмелі, әрқайсында жеке ас үй мен санитарлық торап қарастырылған. Жаңа жатақханада, компания қызметкерлерінің отбасынан өзге, Петропавлдың кезекте тұрған 18 отбасы тұратын болады. Жатақхананың ашылуы 22 желтоқсанда, Петропавл 2-ЖЭО-ның 55 жылдық мерейтойын тойлау күнінде болды.