2019 жылы 4 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев университетінде «IQanat» ауыл мектептері оқушыларының І республикалық слетінің жабылу салтанаты мен Олимпиада жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Шараға «IQanat» қоғамдық қорының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қамқоршысы – «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-ның өкілі ретінде «Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ Бас директорының бірінші орынбасары Дүйсенбай Тұрғанов қатысты.
«ОАЭК» АҚ еншілес ұйымы «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ – қордың Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қамқоршысы болып табылады. Компания Олимпиада мен ауыл мектептері оқушыларының республикалық слетін өткізуге 21 миллион теңгеден астам қаржы бөлді.