Жаңа өндірістік ғимараттың ашылуы, пеш арқылы жылытудан қауіпсіз де таза жылумен қамту түріне көшу – мұның бәрі жаңа тұтынушыларды қосуға арналған жылу магистралін ашудың арқасында мүмкін болып отыр. Бұл туралы «Петропавл жылу желілері» ЖШС бас директоры Андрей Калиничев хабарлады.
«Жаңа нысандарды ортал жылумен қамту жүйесіне қосу мүмкіндігі жақында ғана пайда болды. Оған мүмкіндік ашқан үш негізгі жылу магистральдері – ТМ №1, ТМ №3 және ТМ №8-ді қайта құру жұмыстарының аяқталуы болды», – деп атап өтті кәсіпорын басшысы.