20 шілде 2017 жылы Астанада «Expo-2017» халықаралық көрмесі өту күндері Корей Электрэнергетикалық Корпорациясы (KEPCO) мен «Орталық-Азия Электрэнергетикалық Корпорациясы» АҚ (ОАЭК) арасында өзара түсіністік меморандумына қол қою рәсімі өтті. Екі жақ балама энергия көздері мен жаңа энергетикалық технологияларды дамыту саласында серіктес болу мүмкіндіктерін қарастырады.
«ОАЭК» АҚ — Қазақстанның жеке электрэнергетикалық компаниялары арасындағы көшбасшы жел және күн энергетикасы саласындағы өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру үшін KEPCO халықаралық компаниясымен серіктес болу арқасында қызметін кеңейтеді.
«Компанияларымыз арасында меморандумға қол қойылуы жемісті серіктестік пен оң өзгерістердің бастамасы, мұның барлығы қоршаған орта мен экологияны қорғауға үлес қосады. Біз елдеріміздің экономикасының игілігі үшін жаңғырмалы және баламалы энергия көздері саласында жаңа жобаларды әзірлеу, жаңа энергетикалық бизнес пен технологияларды қарастыру барысында бірігіп жұмыс істейтін боламыз», — деді қол қою рәсімі кезінде «ОАЭК» АҚ Президенті Еркін Әмірханов.
Меморандумға сәйкес, қазақстандық және корейлік компаниялар мәліметтермен және тәжірибемен алмаса отырып өзара тиімді серіктестігі беки түсетін болады.