«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-да Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған мерекелік шаралар өтті. Энергетиктер үшін 9 Мамыр қарсаңында соғыс ардагерлерінің хал-жағдайын білу дәстүрге айналды. Олардың көбі соғыстан кейінгі бейбіт жылдары Петропавл 2-ЖЭО және энергетикалық кешеннің басқа да кәсіпорындарында қызмет еткен. Тылда еңбек еткендер, еңбек ардагерлері мен ҰОС ардагерлеріне теңестірілген тұлғалар да елеусіз қалмады. Энергетиктер оларды арнайы дайындалған концерттік бағдарламаға шақырды. Концерттік бағдарлама жылуэлектрорталығында «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ қызметкерлерінің қатысуымен өтті.