29 сәуір 2018 жылы Павлодарға «ОАЭК» АҚ еншілес компаниялары құрама командаларының ең белсенді және дарынды өкілдері Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған жас мамандар Байқауына қатысуға келді. Командалардың жауапкершілікпен дайындалғанының арқасында жарқын мереке болды. Басты тақырып — кәсіпорындардағы өндірістік қауіпсіздік.
«Ең бастысы — қауіпсіздік» деген ұранмен «Космос» мәдениет сарайының сахнасында Қазақстанның әр өңірінен келген төрт команда сайысты: “BezPravil” («ПАВЛОДАРЭНЕРГО»АҚ), “SevKaz” («СЕВКАЗЭНЕРГО»АҚ), «ПРИСТОЛИЧНЫЙ СВЕТ» («Ақмола ЭҮК»АҚ), «Мощность» («Астанаэнергосбыт»ЖШС).
Команда қатысушылары — аудиторлар, риск-менеджерлер, қауіпсіздік қызметі, қызметкерлерді басқару жұмыскерлері, электрмонтерлер және бақылаушылар сахнада кез келген өндірістік тақырыпты көрсете алатын дарынды орындаушыларға айналып жатты. Байқау үш кезеңнен тұрды: «визит картасы», «биатлон» жүйесі бойынша әзіл алмасу, сонымен қатар музыкалық үй тапсырмасы.
Әр байқау «ОАЭК» АҚ еншілес компаниялардың Бас директорлары атынан экраннан еңбекті қорғау тақырыбына көрсетілген видео үндеуімен ашылды.
Жас мамандар Байқауында «ОАЭК» Чемпионы» номинациясы бойынша «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ командасы жеңіп шықты. «Астанаэнергосбыт» ЖШС «Ең музыкалық команда» деп танылды, «АЭҮК» АҚ – «Ең қуатты команда» болды. «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ көрермендер көзайымы номинациясын жеңіп алды. «ЦАЭК» алтын дауыс» номинациясы «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ командасының қатысушысы Елене Корпачеваға тиесілі. «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ командасының қатысушысы Әмір Кәкенов үздік капитан атанды, Олеся Луговенко («АЭҮК» АҚ) «Компания көңілі» номинациясында үздік атанды.
«ОАЭК» АҚ Қауіпсіздік, еңбекті қорғау және экология департаментінің директоры Руслан Зинатулин марапаттау салтанатында атап өткендей, компанияның еншілес ұйымдарында жарақаттанудың алдын алу және еңбек шарттарын жақсартуға бағытталған кешенді шаралар атқарылып жатыр. Жасалған жұмыстардың нәтижесінде өткен жылы 2016 жылмен салыстырғанда жарақаттану деңгейі 30%-ға төмендеді.