3-5 қыркүйек аралығында «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ құрылымдық бөлімшелері мен еншілес ұйымдарында «ОАЭК» АҚ-ның қауіпсіздік, еңбекті қорғау және экология тақырыбындағы жетінші өзара аудиті өткізілді.
Өзара аудиттің негізгі мақсаты – жетекші тәжірибелермен алмасу және қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін энергетикалық жабдықтармен жұмыс жүргізудің үздік тәжірибелерін анықтау болып табылады.
Аудит барысында оған қатысушылар «Павлодар ЭТК» АҚ, «Павлодарэнергосбыт» ЖШС, «Павлодар жылу желілері» ЖШС және Павлодар 2-ЖЭО мен 3-ЖЭО нысандарында болып, қызметкерлердің жұмыс жүргізу тәсілдерімен танысты.