«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-да кәсіподақ активінің қатысуымен 3 қазанда Астанада өткен ҚР кәсіподақтар Федерациясының XXV құрылтайының жұмысын және ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған кезектен тыс жиыны өтті.
Құрылтай жұмысына «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ энергожүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының төрағасы Балтабек Төлеубаев та қатысты. Балтабек Көбетайұлы жиналғандарға құрылтай жұмысы жайлы, кәсіподақтар федерациясы әлеуметтік жауапкершілігі жоғары ұйым ретінде өз жұмысын жаңғыртуға көшкенін айтып берді. Жаңғыру ғасырында еліміздің кәсіподақтарына дамудың уақыт көшіне сай жаңа бағытын айқындау қажет.
Белсенділер, сонымен қатар, «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жаңа Жолдаманың басым бағыттарын талқылай келе, білім беру және медициналық қызмет сапасы, азаматтарымыздың өмір сүру сапасы мен қауіпсіздігі басым бағыт болып қалатынын бірауыздан атап өтті.