Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық даму процесін, нарықтық экономиканы құруды, инвестиция тартуды тежейтін сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталған жүйелі жұмыс жүріп жатыр. Сыбайлас жемқорлықпен күрес республикадағы мемлекеттік саясаттын негізгі приоритеттерінің бірі ретінде анықталған.

«ОАЭК» АҚ және Холдингтің еншілес компанияларында да сыбайлас жемқорлықпен қарсы әрекет бойынша шараларды жетілдіру, антикоррупциялық тәртіп орнату және қызметкерлер арасында коррупциялық іс-әрекеттерге қарсы тұруға аса назар аударылады. «ОАЭК» АҚ-ның басты артықшылығы — тұтынушылардың, акционерлердің, серіктестердің және қызметкерлердің мүддесін сыбайлас жемқорлықпен байланысты бопсалаулардан қорғау, сонымен қатар бизнестің ашық болуын қадағалау. Осы бағыттың аясында Холдингтің компаниялар тобында қиянат жасау, ақша жымқыру және сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салу фактілерін анықтау, сонымен қатар басшылар мен қызметкерлерді жауапкершілікке тарту шаралары жүргізіледі.

Егер Сізге іске асырылған не әзірленіп жатқан жемқорлық, алаяқтық, жымқыру деректері жайлы; сатып алу шараларын жүргізудегі тәртіп бұзушылықтар жайлы; қызмет бабын және лауазымды тұлғалардың қызметтік жағдайын асыра пайдалану деректері жайлы; «ОАЭК» АҚ қызметтік репутациясына зиян не материалдық шығын келтіруі мүмкін өзге де әрекеттер жайлы белгілі болса мына электронды пошта арқылы «Ыстық желіге» хабарлауларыңызды сұраймыз:

«ОАЭК» АҚ қабылдау бөлмесі — info@energy.kz
Экономикалық қауіпсіздік департаменті — deb@energy.kz
Ішкі аудит департаменті — dva@energy.kz
Тәуекел менеджменті департаменті — drm@energy.kz
Анықтама телефоны: +7 (727) 259-66-40

Сіздердің хабарламаларыңыз жедел түрде Директорлар кеңесіне бағынатын және Холдинг басшылығына бағынышты емес депратаменттерге түседі. Хабарламаларды өз атыңыздан және анонимді түрде де жіберуе болады.

«ОАЭК» АҚ басшылыңы хабарламаны жіберушінің кім екенін анықтау шаралары жүргізілмейтініне кепілдік береді. Сізден алынған ақпарат толықтай зерттеліп, тексеріледі.