Петропавлдағы «2-Жылу-электр орталығы» ЖШС-де бесінші қазандық агрегаты іске қосылып, нысан қалыпты көрсеткіштерге орала бастады. Қазіргі уақытта электр қуаты генерациясы 105 МВт-тан 110 МВт-қа дейін артты. Жылу беру көрсеткіштері де жоғарылап келеді. Жоспар бойынша беру/кері қайту 70°С/50°С болса, қазір 58°С/40°С-қа дейін көтерілді.