2016 жылы борышкерлердің тұтынған энергия үшін «Севказэнергосбыт» ЖШС алдындағы қарызы 319 млн теңгені құрады. Дебиторлық қарыз мәселесі күн тәртібіндегі өзекті проблемалардың бірі болғандықтан энергия өткізуші компания мамандары Петропавл қаласы тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізеді. Айта кету керек, энергетиктер қиын жағдайға тап болған тұтынушыларға әрдайым көмекке келуге әзір.
Қарыздың басым үлесі Петропавл қаласының өнеркәсіптік кәсіпорындарына тиесілі - 47,5% (151,4 млн теңге), екінші орынға электр және жылу энергиясының тұрмыстық тұтынушылары жайғасқан, олардың еншісінде - 44,5% (142,1 млн теңге). Кейінгі кезектерді бюджеттік ұйымдар (4% немесе 12,7 млн теңге), коммерциялық кәсіпорындар (3,4% немесе 10,8 млн теңге) және аймақтың ауыл шаруашылық өкілдері (0,6% немесе 2 млн теңге) иеленген.