«Петропавл Жылу Желілері» ЖШС үстіміздегі жылдың мамыр-қазан айлары аралығында Петропавлдың ірі жылу магистралі – №1 ЖМ-ін қайта құруды жоспарлап отыр. Энергетиктер атап өткендей, ескі жылу құбырын жаңа заманауи түріне ауыстырудың арқасында қаланың орталық бөлігінің тұрғындарын жылумен қамту жағдайы жақсара түспек.
«Жұмыс Алтынсарин көшесінің бойында – №4 НС насосты станциядан (Алматинская көшесі) НТ-1-19с насосты түйініне (Облыстық мәслихат ауданы) дейін жүргізіледі. Өткен жылдағыдай, жылу магистралін ең заманауи технологияларды қолданып қайта құру жоспарланып отыр. Қолданыстағы пенополиуретан және өте мықты полиэтиленмен қапталған «сэндвич» типтес құбыр жылу трассасына жерасты суларының зақым келтіруін болдырмайды. Мұндай құбыр жер астында 30 жылдан кем қызмет етпейді. Тиісінше, бұл – Петропавл қаласының тұрғындарын жылумен қамту жағдайы ұзақ жылдарға жақсарды деген сөз», – дейді «Петропавл Жылу Желілері» ЖШС Қайта құру және жаңғырту басқармасының бастығы Игорь Осняч.