2016 жылы «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС 2016–2017 жылдардың жылу беру маусымына жылумен қамту жүйелерін дайындау бойынша барлық қажетті шараларды орындады. Тұтынушылардың үйін жылумен қамту үшін өнеркәсіп жылу жүйелерін міндетті тексерістен өткізді, құрылғыларды жоспарлы жөндеуден өткізді және желілерді айырбастап, алдын ала оқшауланған құбыр желісін қолдана отырып жаңартты. 2016 жылы өнеркәсіп барлығы 18,4 шақырым жылумен қамту желісін бір құбырлық орындаумен жаңартты.
Өткен жылы кәсіпорынның маңызды оқиғаларының бірі Петропавлдың жылумен қамту жүйесін модернизациялау бойынша жобаларды іске асыру жайлы Еуропа Қайта құру және Даму Банкі (ЕҚДБ), Қазақстан Республикасының Ұлттық Экономика Министрлігі мен «Орта-Азиялық Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ («ОАЭК» АҚ) арасында «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында үшжақты келісімге қол қойылу болды. Петропавлды жылумен қамту жүйесін жетілдіру бағдарламасы бойынша 2016 жылдан 2020 жыл аралығында 12,01 млрд теңге бөлінеді.
«Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС-да осы бөлінген қаражатты игеру басталып кетті: кәсіпорын 1,6 шақырымға созылатын №5 жылу торабының құбыр желісін қайта қалпына келтіру жұмысын, сонымен қатар №2 жылу торабының 1,05 шақырым құбыр желісінің құрылысын аяқтады. Бұдан өзге, тариф қаражатына жылуэнергетиктері Хименко көшесі бойындағы №5 жылу торабының 1,05 шақырымын қайта қалпына келтірді, 650 метрге созылған №26 жылу торабының құбыр желісі телімінде және 60 метрге созылған №1 жылу торабындағы құбыр желісінде оқшаулауды қайта қалпына келтіру бойынша құрылыс-жөндеу жұмыстарын аяқтады. Инвестициялық бағдарламалар бойынша жылумен қамту нысандарын жаңарту мен қайта қалпына келтіру жұмыстарына 2016 жылы 1 млрд 869 млн теңге бөлінді.
«2016 жылы кәсіпорында жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша жоспар 20% артығымен орындалды. Биыл біз жөндеу қорының қаражатына 12,6 шақырым жылу желісін ауыстыруды және ЕҚДБ мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Экономика Министрлігінің бюджеттік көмек қаржысына қосымша 7,3 шақырым құбыр желісін қайта қалпына келтіруді жоспарлап отырмыз. Бұдан өзге, 1,7 шақырым жылу оқшаулау жұмыстарын жоспарладық. Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру аясында 4 млрд 411 млн теңге игеріледі», — деді «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС-ның бас Игорь Рыбас.