Биылғы жылдың 1 қазанынан Екібастұзда «Экибастузтеплоэнерго» ЖШС жұмыс істейді. Жаңа компания жылу энергиясын өндіру және тасымалдау бойынша екі қалалық кәсіпорынды — Екібастұз ЖЭО мен «Екібастұз жылу желілері» ЖШС-н біріктірді.
2018 жылдың қазанына дейін Екібастұз ЖЭО мен «Екібастұз жылу желілері» ЖШС «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ құрамына кірді. «Экибастузтеплоэнерго» ЖШС да «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ның еншілес компаниясы болып табылады.
«Активтерді біріктіру бойынша қайта құру бизнес-процестерді жақсарту мақсатында орындалды. Бұл сонымен қатар ағымдағы жобаларды іске асыруға және екібастұздық жылу шаруашылығын жаңарту мен қайта қалпына келтіру бойынша бағдарламаларға инвестициялар тартуға ықпал етеді», - деп түсіндірді «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ бас директоры Олег Перфилов.
Екібастұз тұрғындарын жылумен қамту — құрылған «Экибастузтеплоэнерго» ЖШС үшін басты мақсаттардың бірі.