Нұр-Сұлтан қаласында «Жасыл кеңсе» бірінші республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Өндірістік кәсіпорындар арасында «Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ-ның еншілес ұйымы – «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ байқауға белсене қатысқаны үшін алғыс хатқа ие болды.
Марапаттау рәсімінде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев байқаудың маңыздылығына тоқтала келе, оған қатысушы компаниялардың бәрі өз кәсіпорындарында «жасыл стандарттарды» енгізіп жатқанын үлгі ете сөйледі.