2019 жылғы 18-19 сәуірде Мәскеу қаласында Prosperity Media тобы CFO Russia порталы қолдауымен ұйымдастырған «Тәуекел-менеджменттің корпоративтік жүйесі» конференциясы өтті. Шараға ірі ресейлік компаниялар - Росатом, Северсталь, МТС, Аэрофлот, Tele2, OBI, ИНВИТРО, АФК Система өкілдері қатысты. Конференцияға шақырылған спикерлер қатарында қазақстандық компания – «Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ (ОАЭК) Тәуекелдер және ішкі бақылау департаментінің директоры Айжан Станбаева баяндама жасады.
Конференцияда саланың жетекші сарапшылары үздік кейстерді ортаға салып, компаниядағы тәуекел-менеджмент мәселелерін талқылады.
«ОАЭК» АҚ-нда тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін жақсарту жұмыстары жалғасуда. Тәуекелдерді төмендету – маңызды міндет, өйткені энергетикалық бизнес жедел шешімдерді талап ететін күрделі өзгерістерге ұшырауда. Соған лайық тәуекел-менеджмент саласы да дамып отыруы қажет», - деп атап өтті Айжан Станбаева.