Еліміздің маңызды мерекесі қарсаңында Петропавлда Қазақстан Республикасының 25-жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Жиналғандарды Солтүстік-Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов құттықтады. Өңір басшысы бұл дата еліміздің тарихындағы елеулі кезең екенін атап өтті.
«Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен біз Ұлы Мұра — мықты мемлекет, жаңа экономика, біртұтас қоғам құрдық» — деді облыс әкімі. Сонымен қатар өңір басшысы мемлекеттің қолдауымен және солтүстікқазастандықтардың ерен еңбегінің арқасында облыс көрсеткіштері 25 жылда бар салада бірнеше есеге артты. Ерік Сұлтанов ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, жеке кәсіпкерлік саласындағы жетістіктерді атап өтті, сонымен қатар оның дамуына үлес қосқандарды марапаттады.
Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен 42 солтүстікқазақстандық мемлекеттік наградалармен - «Парасат», «Құрмет», ІІІ дәрежелі «Еңбек Данқы» ордендерімен, сонымен қатар «Ерен еңбегi үшiн» және «Шапағат» медальдарымен марапатталды.
«Құрмет» орденымен марапатталғандардың қатарында — «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бас директоры Ларичев Леонид Викторұлы да бар. Оның басшылығымен Компанияда электр-және жылуэнергетикасында қайта өңдеу жобалары, сонымен қатар өндіріс пен қоғамдық саладағы халықаралық стандарттарға сай басқа да бағдарламалар іске асып жатыр.