2016 жылдың 4 желтоқсанында 159 мыңнан астам тұрғыны бар қаланың жалғыз жылу көзі — Екібастұз ЖЭО 60 жылдығын атап өтті.
Екібастұз қаласының жылу-энергетикалық кешені әу бастан республиканың өнеркәсіптік-энергетикалық орталығы ретінде қалыптасып, тәуелсіз Қазақстан экономикасының индустриялық дамуының қозғаушы күштерінің бірі болды. Екібастұз ЖЭО-ның іске қосылуымен қаланы жылуландырудың алғашқы қадамдары іске асты, жалпы Павлодар аумағының әлеуметтік инфрақұрылымының негізі қаланды.
Станция ұжымы жауапкершілігі мол, өз істеріне берілген, жоғары кәсіби маман ретінде әрдайым ерекше бағаланады. Осы сала ардагерлерінің жанкешті еңбегі, білімі мен тәжірибесі Екібастұздың жалпы энергокешенінің мықты негізін қалап берді. Сол мамандардың қазіргі буыны энергетикалық кешеннің сенімді жұмысын қамтамасыз етіп, Павлодар энергетиктерінің дәстүрін жалғастырып келеді.