Қазан айының басында Петропавл қаласында кезекті жылу беру маусымы басталады. Бүгінде кәсіпорынның жөндеу кампаниясы ақталуға жақын: желілерді күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының 95,2 пайызы біткен. Айта кету керек, энергетиктер өз жұмыстарын жоспарлы мерзімінен бұрын жүргізуде, ал бұл алдын ала жоспарланған 12,6 км желіден көбірек құбыр жөнделеді деген сөз.
«Петропавл жылу желілері» ЖШС облыс орталығын жылумен қамту ісіне барынша маңыз береді. Жөндеу жұмыстарынан бұрын, алдын ала құбыр желілерінің әлсіз тұстарын анықтауға мүмкіндік беретін температуралық және гидравликалық сынақтар жүргізеді. Энергетиктердің айтуынша, бұл шаралардың маңызы зор, өйткені олар жылу беру маусымы кезінде болатын технологиялық ақаулардың ылдан алуға көмек береді. Айталық, қазіргі таңда мұндай сынақтардың арқасында кәсіпорын мамандары 90 болуы мүмкін ақауды анықтаған.