Ағымдағы жыл -"Петропавл Жылу Желілері" ЖШС үшін ерекше. 1 наурыз, кәсіпорын өзінің 55 жылдық мерейтойын атап өтеді. 1965 жылы жақында салынған Петропавл 2-ЖЭО-ның жылу желілері цехының базасында "Целинэнерго" РЭУ Петропавл жылу желілері басқармасы ұйымдастырылғанына дәл сонша жыл өтті. Оның бірінші директоры И. П. Клавчук болды.